Павлодар облысында студенттерден ақша бопсалағандар ұсталды

Павлодар облысында студенттерден ақша бопсалағандар ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Жәбірленушілердің қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өңірде студенттерден ақша бопсалады деген күдікке ілінген екі азамат дер кезінде қолға түскен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жәбірленушілерге көрсетілген қысым тоқтатылып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

–  Жалпы, елімізде бопсалаудың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Уақытылы қабылданған жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде тіркелген бопсалау фактілерінің саны 15 пайызға төмендеген. Сонымен қатар мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып отыр, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ішкі істер министрлігі бопсалаудың алдын алу, оның жолын кесу және азаматтардың құқықтарын қорғау ішкі істер органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Полиция азаматтарды бопсалау немесе басқа да заңға қайшы әрекеттерге тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.