Павлодарлық жүкті әйелдер не себептен қант диабетіне тексерілу керек?

Павлодарлық жүкті әйелдер не себептен қант диабетіне тексерілу керек?
Фото: pixabay.com

@Pavlodarnews.kz тілшісі бірқатар себептерді келтірді.

Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдердің саны жыл сайын артып келеді. Биыл алты айдың ішінде 357 әйел тіркелсе, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша – 850 әйел. Соңғы үш жылдың ішінде статистика 15 пайызға артқан.

Жүктілік кезіндегі инсулинге төзімділік – бұл плацента инсулиннің қалыпты жұмысына кедергі келтіретін контр-инсулярлық гормондар шығаратын кезі. Сол кезде қандағы глюкоза артады. Өз кезегінде ол дененің қорғаныс реакциясы болып саналады.

– Әдетте қант деңгейі 5,5-тен төмен болуы керек болса, жүкті әйелдерде көрсеткіштер көбірек болады. Бұл гестациялық қант диабетінің көрсеткіші. Ол жүктіліктен кейін 1-2 күнде аяқталады және қант деңгейі қалыпқа келеді. Осыған байланысты әйелдерде үлкен салмақты сәби туады, сондықтан босану кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, – деп түсіндірді Павлодар кардиологиялық орталығының эндокринолог дәрігері Елена Дудоладова.

Егер жүктілік кезінде қандағы глюкоза деңгейі гестациялық қант диабетімен салыстырғанда жоғары болса, бұл манифестті қант диабетінің көрінісін білдіруі мүмкін. Қант диабетінің бұл түрі жүктіліктен кейін аяқталмай, диабеттің екінші түріне айналады. Манифестті диабет артық салмаққа байланысты, тұқым қуалайтын жолмен берілуі немесе қандағы глюкоза деңгейін арттыратын дәрі-дәрмектерді қабылдау нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Павлодарлық эндокринологтар жиі скринингтік тексеруден өтуге кеңес береді. Себебі ауруды ерте анықтап, емдеуді бастауға уақыт болады.Әйелдер қандағы қант деңгейін қаладағы кез келген зертханада тексере алады.