Павлодардан көмек. Футболшылар шетелдегі апат құрбандарына көмектесті (ВИДЕО)

Павлодардан көмек. Футболшылар шетелдегі апат құрбандарына көмектесті (ВИДЕО)

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген «Ақсу» ойыншылары кеше черногориялық «Сутьеска» командасына қарсы жолдастық кездесу ойнағаннан соң жолай жол-көлік оқиғасының куәгерлері болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Куәгер болып қана қоймай, апат құрбандарына қол ұшын созды. Танымал Kozhakhmet_inside_official Telegram-арнасында жарияланған видеода «Ақсу» ФК ойыншылары кюветке ұшып кеткен көлікті жолға итеріп шығарған сәті жарияланған.

Матчтың өзіне келсек, павлодарлықтар қарсыласына 1:0 есебімен ұтылып қалды. Команда келесі құрамда алаңға шықты: Голубничий – Жилов, Обилор, Жақсыбаев, Жырғалбек-уулу – Кошта, Эскич, Оразов, Мурза, Марат – Тұрлыбек.  

«Ақсу» қарсыласы өз чемпионатының бірінші орнында келе жатқанын айта кетейік. Оған қоса, «Сутьеска» - былтырғы Черногория чемпионы. 2022 жылы ол Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде болгариялық «Лудогерецтен», артынша Конференциялар лигасында исландиялық «Клаксвиктен» ұтылды.

«Ақсу» болса, Түркияда жүріп тағы бір футболшыны құрамына қосты. Командаға 22 жасар украин жартылай қорғаушысы Артур Мурза келіп қосылды. Ол былтыр Латвияның «Валмиера» және петропавлдық «Қызылжарда» ойнап үлгерді. Бір қызығы, қызылжарлықтар үшін соңғы матчты ол «Ақсуға» қарсы ойнады. Сол матчта «Ақсу» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Күні бүгінге дейін команда құрамы жартылай қорғаушылар Рамазан Оразов, Дінмұхамед Қараман, шабуылшы Луис Гедеш, қорғаушы Елдос Ахметовпен толыққаны, Тони Сильва мен Фэйт Обилор келісім-шартты ұзартқаны туралы ресми мәлімет бар. Марсель Исламқұлов, Лазар Зличич, Михаил Бакаев, Еркебұлан Тұңғышбаев, Асланбек Кәкімов пен Марлен Айманов керісінше, клубтан ұзады.

Айбек Жұматов

Фото: Валерий Бугаев