Павлодарда көкпардан кіл мықтылар анықталды

Павлодарда көкпардан кіл мықтылар анықталды
Фото: Қайырбаев атындағы спорттың ұлтттық түрлері бойынша спорт клубы

«Құлагер» ипподромында жастар арасында ұлттық спорт түрі — көкпардан облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Чемпионатқа тоғыз құрама команда және жүзге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды.

 Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Екібастұз қаласы Ақкөл ауылының көкпаршылары қанжығасына байлады. Екінші орынды Ақтоғай ауданы, үшінші орынды Май ауданы иеленді.