Павлодардағы білім ошақтары Республика күнін кең көлемде атап өтуде
Атаулы күн қарсаңында ұйымдастырылған шараларға 45000-нан астам бала, ата-ана мен педагогтер қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, 17 - 25 қазан күндері № 2, 14, 17, 24, 30, С.Торайғыров атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептердің 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық шығармаларды оқу бойынша челлендж іске қосылады. «Қыран елім – Қазақстан» жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында Малайсары батыр атындағы, № 5, 7, 9,16, 25, Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушылары мен № 7,8,10,12, 28, 33, 37 балабақша тәрбиеленушілері Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындады.
- 17 қазаннан бастап Малайсары батыр атындағы мектепте Республика күніне арналған қалалық ұлттық спорт фестивалі басталды. Олар ұлттық ойындар ләңгі, асық ату, тоғызқұмалақ бойынша жарысты. Сайыс апта бойы ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен даму жоспарлары» тақырыбында пікірталас турнирін өткізді. Оған Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 32 дебат командасы қатысты.
- «Павлодар дарыны» орталығы мектеп президенттерімен «Менің жауапкершілігім - біздің болашағымыз» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару өкілдерінен 43 жас қатысты, - дейді ұйымдастырушылар.
20 - 24 қазан күндері экология және туризм орталығында Республика күніне орай балалар бірлестіктерінде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында ақпараттық-дайджесттер ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер Қазақстан, рәміздер, аймақтың көрікті жерлері, елдің танымал адамдары, қорықтар туралы ақпараттармен таныстырады.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің концерт залында «Байтақ елім Қазақстан» атты мерекелік концерт өтеді. Концертке оркестрлік және ансамбльдік ұжымдар, педагогтер қатысады. Бағдарламада Сейтек «Той бастар», Құрманғазы «Балбырауын», А. Хачатурянның «Вальс», Л. Воеводскаяның «Менің Отаным Қазақстан!», Қ. Ахмедияровтың «Қосбасар», Қазанғаптың «Ақжелен», Джастин Харвиса «Ла-Ла-Ленд», Роза Рымбаеваның репертуарынан «Қазақ елі» әнін хормен орындайды.
20 қазанда мектептерде қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының мектеп жәрмеңкелері өткізілді, түскен қаражат өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға берілетін болады.
Сондай-ақ, осы күндері «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында блиц-турнир - «Үлгілі отбасы - мәңгілік елдің тірегі» отбасылық конкурсы өткізілді. Балалар-жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері, ата-аналары, педагогтері ұлттық ою-өрнектер арқылы пано жасау бойынша шеберлік сабағын өткізеді, сондай-ақ балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп балаларға «Менің Республикам» Арт-алаң құрылады, балалар техникалық мектебі «Бала creative» қалалық көрме-конкурсын өткізеді.
25 қазан күні ұлттық жаңғыру мектебі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Республика күніне арналған бейнероликті түсіріп, көрсететін болады.