31 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы 0...-2 °C-ты көрсетеді. Күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі.
Павлодарда ауа температурасы -3...+2 °C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ болады.