Павлодардың балғын ватерполшылары алғашқы турнирлік қадамдарын жасауда

Павлодардың балғын ватерполшылары алғашқы турнирлік қадамдарын жасауда

Балалар Қазақстан чемпионатына қатысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Естеріңізде болса, су добы бойынша секция Павлодарда 2021 жылы ашылған еді. Сол кезде жаттықтырушы орнына тәжірибелі Андрей Павлов Ақтөбеден шақырылған болатын. Секцияға 2011, 2012, 2013 және 2014 жылдары туған балалар алына бастады. Алғашында жаттығулар «Толқын» бассейнінде өткізілді.

Қазірде балалар «Ertis Olympic» кешенінде жаттығуда. Андрей Павловтың сөзіне қарағанда, осы уақыт ішінде көлемді жұмыс атқарылды: балғын ватерполшылар физикалық және тактикалық жағынан шынықты. Су добымен 40 адамдай айналысуда. 

- Біраз жұмыс атқардық: кейбір балалар басында малтудың өзін білмейтін, - деп есіне алады жаттықтырушы. – Қазірде ондай жоқ: бәрі жүзуді меңгеріп, бәрі ойынды біледі. Бүгінде балалар толыққанды су добын ойнайды, тактикасын біледі.

Қазақстан чемпионатында Андрей Павлов шәкірттері алғашқы қадамдарын ғана жасады. Бастысы – балалар турнирде ойнаудың қалай екендігін меңгеруде. Балғын павлодарлықтар жеңістің тәтті дәмін де татып үлгерген – Астананың екінші командасы тізе бүкті.

- Әрине, үйренетін нәрсе көп, - деп мойындады Андрей Павлов. – Бұл жарыста балаларға су добының екендігін танытуға тырыстық, ол қалай ойналатынын көрсеттік. Бір ойынды ұтып едік – балалар эмоциялары тасып мәз. Сондықтан біз үшін бәрі алда.

Алда балғын ватерполшыларымызды ел чемпионатының үшінші туры күтіп тұр. Жазда 2012 жылғы балаларға арналған Қазақстан Кубогі өтеді.

Әңгіме соңында жаттықтырушы аталған спорт түрімен айналысамын деушілерді шақырды.

- 2011, 2012, 2013 және 2014 жылдары туған балаларды жинап жатырмыз. Балалар неғұрлым көп болғаны жақсы. Өйткені, балалар көп болғанда бәсекелестік артады, - дейді Андрей Павлов.

Жаттығулар «Ertis Olympic» бассейнінде дүйсенбіден бейсенбіге дейін таңертең 8:30-дан 11:00-ге, түстен кейін 15:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Сенбі сағат 14:00-16:00 ойын күні. Жаттығулар тегін. Барлық сұрақтармен жаттықтырушы Андрей Павловтың телефонына хабарласуға болады: +7 708 912 8197.

Фото: автор