Павлодарлықтар демалыс күндері қандай спорттық шараларға қатыса алады?

Павлодарлықтар демалыс күндері қандай спорттық шараларға қатыса алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спорттың жеті түрінен жарыстар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 12:00-де Оқушылар сарайындғы бассейнде әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы жүзуден қалалық турнир ұйымдастырылады. 

1-2 ақпан күндері сағат 10:00-де «Жұлдыз» стадионында дене шынықтыру топтарының әуесқой командалары арасында футболдан қалалық чемпионат болады. Дәл сол күні сағат 11:00-де Орталық стадионда шаңғы дуатлонынан қалалық турнир өтеді.

2-3 ақпан күндері сағат 10:00-де Қамзин көшесі, 69а мекенжайында оқ ату тирінде қала біріншілігі басталады.