15 қарашада Павлодар облысында күн райы ашық болады

15 қарашада Павлодар облысында күн райы ашық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 2-3 градус салқын, күндіз 5-10 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  

Сынап бағанасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус көрсетеді.