Павлодардың кейбір көшелерінде су өшіріледі

Павлодардың кейбір көшелерінде су өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің  мәлімдеуінше, 7 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін «Павлодар-Водоканал» ЖШС келесі мекенжайларда су беруді тоқтатады:

Амангелді көшесі, Баратбаев көшесінен Исабаев көшесіне дейін;

Амангелді-Бірлік, Амангелді-Исабаев көшелерінің қиылысындағы су құбыры.