Бауырсақ пен әртістер: Павлодарда Наурыз мейрамы жаңаша тойланады

Биыл мерекелік бағдарлама өзгеше өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Самал Саменованың айтуынша, қала мен аудандарда 21-22 наурыз күндері Наурыз мерекесі ауқымды тойланады.
– Облыс бойынша 151 киіз үй орнатылады. Наурыз мейрамы аясында екі мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарлануда, – деді Самал Саменова.
21 наурызда 11:00-ден 14:00-ге дейін Павлодар қаласында және оған іргелес ауылдық аймақтарда 20 алаң жұмыс істейді. Белгіленген орындарда киіз үйлер орнатылып, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көрсетіледі және спорттық ойындарға қатысуға болады.
– Павлодарда алғаш рет наурызға арналған мерекелік бағдарламаны күндіз де, кешке де өткізетін боламыз. Күндізгі және кешкі бағдарламада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда әнші Turar-мен уағдаластық бар. Қалған әртістермен келіссөздер жүргізілуде. Күндіз және кешкі екі әнші өнер көрсететі деген үміт бар, – деді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.
Орталық алаңда 10 тақырыптық киіз үй тігіледі. Олардың іші қазақстандық танымал тұлғалардың мерейтойларын мерекелеуге орай безендіріледі. Күндізгі тойлау 11:00-ден 14:00-ге дейін жалғасса, кешкі мереке ауызашардан кейін 18:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Кешке концерттен кейін бес мың бауырсақ таратылады.
Айта кетейік, Наурыз мерекесін былтыр жылдан бастап тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұның идеологиялық мәнімен байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі жарияланып, оның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналады.