Павлодарлық құтқарушылар орталық жағалауда суға кеткен ер адамның денесін тапты

Павлодарлық құтқарушылар орталық жағалауда суға кеткен ер адамның денесін тапты
Фото: ТЖД

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Орталық жағалауда орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 13 тамызда іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар Жаңаауыл ауылының маңынан 2007 жылы туған ер адамның денесін судан тапты.

Іздестіру жұмыстары кезінде сүңгуірлер 80 рет суға түсті. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына жүзу құралдары мен эхолот тартылды.

Еске сала кетейік, ер адам 11 тамызда орталық жағажай аумағында суға батып кеткен.