Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті

Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға 11 тамыз күні таңда болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 11 тамызда таңертең Павлодар қаласының орталық жағалауында ТЖД құтқарушылары суға түсіп, кейін батып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстарын бастады. Оқиға туралы хабарлама сағат 05:37-де келіп түскен.

Оқиға орнында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмыс істеуде. Іздестіру жұмыстарына 8 құтқарушы, 3 жүзу құралы және эхолот тартылды. Мамандар Ертіс өзенінің акваториясын тексеруде.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Төтеншеліктер тұрғындар мен өңір қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Шомылу үшін тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарды пайдалану қажет. Алкогольдік масаң күйде суға түсуге, сондай-ақ балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдыруға болмайды. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.