Павлодарлық алты спортшы Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Павлодарлық алты спортшы Әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: Константин Шелков

Чемпионат Астана қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласында таэквондодан 22-ші Әлем чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додаға еліміздің намысын қорғауға павлодарлық 10 спортшы қатысты.

Жарыс нәжижелері бойынша жерлестеріміз үш күміс, үш қола жүлде иеленді. Күміс жүлдегер атанғандар – Рафаель Чичоян, Айсұлу Қайырбай, Максим Бедин. Қола жүлдегер иелері – Алина Самбуева, Елизавета Бедина, Ренат Мусин.

Аталмыш чемпионатта жүлдегер атанған спортшыларды дайындаған – Павлодар облысы №1 БЖСМ таэквондо спортынан аға жаттықтырушысы Азамат Шакилов.

Айта кету керек, алғаш рет елімізде өткізіліп жатқан Әлем біріншілігіне 60 елден 900-ге жуық спортшы келген.