Павлодарлық ата-аналар балаларының суретін жариялап, ақшалай сыйлық ұта алады

Павлодарлық ата-аналар балаларының суретін жариялап, ақшалай сыйлық ұта алады
Фото:pixabay.com

Жүлде қоры 30 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, Отбасы күніне орай «Smile good» фотобайқауы жарияланды.

–  Байқау шарттары бойынша балаңыздың суретін Instagram желісіндегі өз парақшаңызға 5-8 қыркүйек аралығында жариялап, оны @kenzhekolzhastary және @saysat_pavlodar парақшаларын авторлыққа қосып, ақшалай сыйлық ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз,– делінген хабарламада.

Байқауға 0 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған Павлодар облысының 35 жасқа дейінгі жас ата-аналар қатыса алады. Жүлде қоры 30 мың теңге. Ең көп ұнатқан 3 фотосурет авторлары сыйлықтар алады.

Конкурс 8 қыркүйекте сағат 20:00-де аяқталады.