Павлодарлық балуан қыздар қазақ күресінен медальдар еншіледі

Турнирге елдің түкпір-түкпірінен келген мықты балуандар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қостанайда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті.
– 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марғұлан университетінің студенті Мөлдір Әдепбай жеңіске жетті. Ол жоғары дайындық пен шеберлікті көрсете отырып, алтын медальді иеленді, – деді Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде.
Осы салмақ дәрежесінде күміс медальді павлодарлық спортшы Әсел Манап жеңіп алды.
Екі балуан да турнир барысында тамаша техника мен жеңіске деген жігер көрсетті.