Павлодарлық боксшылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды
Турнирге төрт елден 125 спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Аягөз қаласында бокстан 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті.
– Жарыс Аягөз қаласының бокстың негізін қалаушысы «КСРО дене шынықтыру және спорт ісінің үздігі» Н.Төлендинов пен «Еңбек сіңірген жаттықтырушы» А.Ғазизовті еске алуға арналған, – делінген хабарламада.
Турнирде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 125 спортшы өнер көрсетті. Павлодар облысының құрамасының спортшылары Аслан Жеңіспаев 48 келі салмақ дәрежесінде алтын медальге, Саят Қаратаев 60 келі салмақ дәрежесінде күміс медальге ие болды.