Павлодарлық депутат Парламент реформалары арқылы өңірлерді дамыту туралы айтты

Павлодарлық депутат Парламент реформалары арқылы өңірлерді дамыту туралы айтты
Фото: Константин Шелков

Түрлі салаларды жаңғырту Қазақстанның мәртебесін нығайтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі Қанат Сатабаев маңызды істер жаңа ғана басталып жатқанын айтты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентінің атауы Құрылтай болып өзгеретінін мәлімдеді. Бұл ұғымның тарихи мәні мен маңызы халқымызға жақын, – деді павлодарлық депутат. – Маған, «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкері ретінде Президенттің теміржол инфрақұрылымын кеңейту жұмыстары жалғасатынын жариялағаны қуантады. Бұл көлік байланысын күшейту үшін маңызды.

Өткен жылы Достық–Мойынты учаскесінің екі жолды қозғалысы іске қосылып, Алматыны айналып өтетін желінің құрылысы аяқталды. Бұл елдің транзиттік мәртебесін айтарлықтай нығайтты.

Қанат Сатабаевтың айтуынша, биыл Қызылжар–Мойынты және Дарбаза–Алтынкөл–Жетіген теміржол желілерін салу, сондай-ақ қолданыстағы учаскелерді жаңғырту жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыстар Қазақстан үшін теміржол қатынасын дамытуда ерекше маңызға ие.