Павлодарлық домбырашылар республикалық челленджге қосылады

Павлодарлық домбырашылар республикалық челленджге қосылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқушылар белгілі туындыларды орындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20 наурызда сағат 11:00-де Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде ауқымды республикалық челленджге қолдау көрсетіледі. Акцияны ҚР Білім министрлігінің үйлестіруімен «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенімен бірлесіп білім басқармасы ұйымдастырады.

– Ауқымды республикалық акция мерекелік атмосфераны құруға, еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге бағытталған. Оған қатысу балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі, – деді ұйымдастырушылар.

Челленджге Павлодар облысынан 120 домбырашы қатысады. Олар «Тепен көк», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Дәулеткерейдің «Көроғлы», Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерін орындайды.