Павлодарлық энергетиктер ардагерлерге арнап аллея тұрғызды

Павлодарлық энергетиктер ардагерлерге арнап аллея тұрғызды
Фото: @aopavlodarenergo

Барлық ағаштарды бір жылда отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергетиктері өндіріс ардагерлеріне арнап, болашақ ұрпаққа ғибрат болсын деп аллея тұрғызды. Ағаштар Мичурино ауылындағы «Энергетик» демалыс үйі аумағының көркін ашады.

– Энергетиктер ұрпақтар сабақтастығымен және ардагерлерге деген құрметпен ерекшеленеді, – деп қолдады әріптестерін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель. – Біз облысты электрлендірудің негізін салушыларға алғыс ретінде ардагерлерімізді еске алуға арналған аллея салғымыз келеді.

Оның айтуынша, барлық ағаштарды бір жыл ішінде отырғызу жоспарлануда. Сондай-ақ, аяқ жолдар салып, демалу үшін орындықтар орнату жоспарланған. Энергетиктер уақыт өте келе аллея компаниялар тобының қызметкерлері мен демалыс үйінің қонақтары демалатын және фотосессиялар өткізетін жасыл дәлізге айналады деп сенеді.