Павлодарлық футболшыларды цифрландырмақ

Павлодарлық футболшыларды цифрландырмақ
Фото: Ольга Бугаева

«Ертіс» футбол клубы тағы бір қадам алға басты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Клубтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланғандай, Catapult компаниясымен серіктестікке қол қойылды.

«Біз ынтымақтастығымызға қуаныштымыз және бұл серіктестікті жоғары бағалаймыз. Біз үшін бұл клубты дамытудағы маңызды қадам, озық технологиялардың арқасында команданың дайындығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік ашылады. Бұл ынтымақтастық айтарлықтай пайда әкеліп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне сенімдіміз», - деп жазады клуб өкілдері.

Catapult – футбол жаттығуларының тиімділігін, ойыншының алаңда орналасуын, оның белсенділігін және басқа да көптеген көрсеткіштерді бақылауға арналған трекер. Футболшы арнайы кеудеше кигеннен кейін оның алаңдағы орнын, белсенділігін, жылдамдығын, күші мен физикалық жағдайын егжей-тегжейлі бақылап отыруға болады. Бұл ақпарат жаттықтырушылар үшін де, кез келген команданың медициналық қызметкерлері үшін де өте пайдалы.

Айта кетейік, команда қазір Шымкентте маусым алдындағы соңғы үшінші оқу-жаттығу жиынында. Команда оңтүстік мегаполисте дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан кубогы басталғанша болады.