Павлодарлық гроссмейстер шахматтан Қазақстан Кубогының чемпионы атанды
Ол бес миллион теңге ұтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алматыда 2024 Қазақстан Кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Турнир нокаут жүйесі бойынша өтті. Оған 16 ер мен 16 әйел шахматшы қатысты.
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 24 жастағы павлодарлық гроссмейстер Денис Махнёв финалда 2022 жылғы Қазақстан чемпионы Рамазан Жалмахановты 4–2 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Үшінші орын үшін тартыста Беларусь шахматшысы Михаил Никитенко үндістандық Аюш Шармаданнан басымдық танытты.
Ал 21 жастағы Екатерина Гольцева (ФИДЕ) Лия Құрманғалиеваны (2–0) жеңіп, бас жүлдені иеленді. Ал үшінші орынды атыраулық Зарина Нұрғалиева иеленді.
Жалпы жүлде қоры – 23 миллион теңге. Ерлер арасындағы жеңімпаз Денис Махнёв бес миллион теңге ұтса, әйелдер арасындағы жеңімпаз Екатерина Гольцева 2,5 миллион теңге алды.