Павлодарлық хоккейшілер халық алдында кешірім сұрады

Павлодарлық хоккейшілер халық алдында кешірім сұрады
Фото: Ольга Бугаева

Дегенмен, «Ертіс» қарсыласқа есе жіберді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Күні кеше павлодарлық ұжым өз айдынында қарағандылық «Сарыарқаны» қабылдады. Бұл Павлодарда екі команда арасында өткен екінші кездесу, алғашқысында кеншілер 11:0 есебімен «ертістіктердің» тас-талқанын шығарды.

Екінші матчта павлодарлықтар жағдайды өзгертуге тырысты, ойынды белсенді бастады. Алайда, шеберлігі жоғары қонақтар қалай дегенмен басымдығын танытты. Бірінші кезең орта шешінде есепті қарағандылық Александр Коннов ашты, ал екінші кезең қорытындылары бойынша таблода 0:4 есебі жанып тұрды. Соңғы үшінші кезеңде есепті 0:5-ке жеткізген қонақтар «мәселе бітті» дескен болса керек, «Сарыарқа» тізгінді сәл босатты.

Ауыр жарақат салған қарағандылық ойыншы бес минутқа айдыннан қуылып еді, «Ертіс» шабуылды күшейтті. Александр Щемель мен Максим Томилов есепті 2:5-ке дейін қысқартты. Матч соңында қарсылас шайба алмасып, қорытынды есеп 3:6 болып тіркелді.

- Кеше ойыншыларымыз жеңілістен кейін жанкүйерлерден теріс айналып, айдыннан кетіп қалдық. Хоккейшілерінің мұндай ерсі қылығы үшін кешірім сұраймын, мұндай ендігәрі қайталанбайды. Ойынға келсек, қарағандылықтар өз басымдығын танытты, біз болсақ, бірнеше маңызды ойыншыларының сырқаттанғанына байланысты бар күшімізбен ойнай алмадық, - деді «Ертістің» бас бапкері Евгений Штайгер.

Жеңістің арқасында қарағандылықтар Қазақстан чемпионаты турнир кестесінің екінші орнына шықса, «Ертіс» соңғы 11-орында келуін жалғастырды.