Павлодарлық коммерциялық тұтынушылар жаңа келісімге қол қоюы тиіс

Павлодарлық коммерциялық тұтынушылар жаңа келісімге қол қоюы тиіс
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылумен жабдықтау қызметі «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нен «Павлодарлық жылу желілері» ЖШС-не берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі міндеттемелер бойынша тараптарды ауыстыру туралы қосымша келісімдерге қол қою үшін 2025 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей жүгінуді сұрайды.

Қабылдау мекенжайы: Кривенко көшесі, 27, шарттық жұмыс секторы, 101/3-кабинет.

Жұмыс кестесі:

  • дүйсенбі – жұма: 8:00 – 17:00; 
  • түскі үзіліс: 12:00 – 13:00.

Қосымша келісімдерде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем жүргізуге арналған жаңа төлем деректемелері көрсетіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

  • 8 (7182) 39-96-99;
  • 8 (7182) 39-96-69;
  • 8 (7182) 39-98-65;
  • 8 (7182) 39-98-20;
  • 8 (7182) 39-98-85.