Павлодарлық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу турнирінде қола медаль алды

Павлодарлық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу турнирінде қола медаль алды
Фото: pexels.com

Халықаралық турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астанада 3-5 қазан аралығында өткен «Барыс Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V Халықаралық турнирі өтті. Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында екі санатта ұйымдастырылды – жеке конькимен сырғанау және мұз биі.

ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдер арасында Васелиса Багомолова (Кипр) топ жарды. Одан кейінгі сатыға қазақстандық Вероника Ким 2-орын иеленсе, павлодарлық Анна Санникова 3-орынға жайғасты.

Бұл – Павлодар облысының мәнерлеп сырғанау қоржынындағы халықаралық старттардың алғашқы медалі. Анна Санникова Алматы қаласындағы Денис Тен академиясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы Оксана Тенмен дайындалуда.