Павлодарлық мамандар перинаталдық орталықтағы өлімге қатысты пікір білдірді
Оқиғаның мән-жайы сарапшылармен бірге қаралуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кристина Казьмирук 8 қазанда стационарға түскен. Оның айтуынша, ол ұрықтың қимылын сезбеген. Алайда перинаталдық орталықта дәрігер Гаухар Тұрсынбаева жүкті әйелді тыныштандырған.
– Қабылдау бөлімінде кардиотокография жасаған соң, ол баламның жағдайы жақсы екенін және қимылдарды сезінбеуімнің себебі менің толық екендігімде екенін айтты, – дейді Кристина Казьмирук.
Ерекше топқа жататын павлодарлық әйел дәрігерден шұғыл ота жасауды сұраған. Оның алты жыл бұрынғы алғашқы жүктілігі де екінші типтегі қант диабеті мен артериялық гипертензия аясында өтіп, кесар тілігімен аяқталған. Алайда пациентті босану бөліміне ауыстырып, тағы бір кардиотокография жасап, таңғы беске дейін демалуға кеңес берген.
Таңертең ұрықтың жүрек соғу жиілігі бәсеңдегені анықталып, әйелге шұғыл ота жасалған.
– Баламды көгілдір түсте, тіршілік белгісі жоқ күйінде алып шықты. Неонатологтар мен реаниматологтар оның жүрегін тоқтамай уқалап, оны тірілтуге тырысты. Кейін маған баламның өлі туғанын айтты. <…> Гистологиялық зерттеу нәтижесінде баламның дені сау болғаны анықталды, – дейді Кристина Казьмирук.
Оның пікірінше, егер медициналық көмек уақытында көрсетілгенде, баланы аман алып қалуға болатын еді. Әйел денсаулық сақтау басқармасынан дәрігерді жауапқа тартуды, ал денсаулық сақтау министрлігінен оның өтінішін жеке бақылауға алуды сұрады.
35 аптада ұрықтың неонаталдық өліміне қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышева түсініктеме берді.
Оның мәліметінше, пациенттің жүктілігі толыққанды денсаулық жағдайында болмаған – әйелде қант диабеті және алдыңғы кесар тілігінен қалған жатыр тыртығы болған.
– Кезекші дәрігер әйелді қабылдады, шұғыл операциялық араласу қажеттілігі болған жоқ, – деді Айгүл Мұкышева. – Бұл мәселе бойынша перинаталдық орталық деңгейінде талдау жүргізілді.
Оқиғаның мән-жайын өңірлік медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті анықтап жатыр, басқа өңірлерден шақырылған сарапшылар да тартылған.