Павлодарлық оқушылар күзді табиғи материалмен бейнеледі

Павлодарлық оқушылар күзді табиғи материалмен бейнеледі
Фото: Ақмарал Есімханова

Жапырақ, дәнді дақылдар, жаңғақ, бұтақ, көкөніс пен жидек сынды табиғи материалдар кәдеге жарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «Күзгі асар» жәрмеңке-көрмесінің іріктеу кезеңіне өңірдің түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің екі мыңнан астам шығармашылық жұмысы ұсынылды. Аудандық іріктеуден кейін үздік 120 композиция таңдалды. Байқаудың басты мақсаты – бүкіл отбасын ортақ іске жұмылдырып, бірге күзгі бұйым жасауға мүмкіндік беру.

Облыстық Оқушылар сарайының әдіскері Алена Шияненконың айтуынша, жәрмеңке-көрме «Адал азамат» жобасының «Еңбек адамы» бағыты аясында ұйымдастырылған.

– Барлық бұйым табиғи материалдардан күз тақырыбына сай жасалған. Жұмыстардың барлығы ерекше – жапырақ, бұршақ, жаңғақ, ағаш қабығы, көкөніс пен жидектер пайдаланылған. Балалардың қиялына шек жоқ! Әртүрлі материалдар біртұтас композицияға айналған. Мұнда «Маша мен Аю» ертегісінің кейіпкерлері де, тіпті «Тақтар ойынындағыдай» үңгірдегі айдаһар да бар. Барлық жұмыс өте жақсы жасалған, сондықтан үздіктерді таңдау қиын болды, – дейді Алена Шияненко.

«Маша мен Аю» композициясын 4 «Б» сынып оқушысы Ислам Айболатұлы дайындаған. Оны жасау үшін пенопласт, фетр, қағаз, жапырақ, ағаш бұтақтары, ермексаз және тіпті ұнтақ жармасы пайдаланылған.

– Жұмысты жасауға үш күн кетті. Маған анам көмектесті. Туындының басты ерекшелігі – мультфильмдегі таныс көріністің көлемді композиция түрінде қайта жасалуында. Кейіпкерлер, ағаш үй, шағын үйлер, жануарлар, бақша мен күзгі табиғат элементтері біртұтас композицияға біріктірілген. Әрбір ұсақ бөлшек қолмен жасалды. Сонымен қатар мультфильмдегі ертегілік атмосфераны сақтауға ерекше көңіл бөлдік, – дейді Ислам.

Іріктеуден өткен тағы бір жұмыс – Ақсудан ұсынылған «Күзгі ғажайыптар арбасы» композициясы. Ақсу қаласы білім бөлімінің Ақжол ауылы мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Елена Ильиныхтың айтуынша, композицияда жиналған өнім тиелген қаптарды алып бара жатқан ат бейнеленген.

– Біз күздің берекесін, адамдар мен егін жинауға көмектесетін жануарлардың еңбегін көрсеткіміз келді. Бұйымды Ирада Мамельянова мұғалімдердің көмегімен жасады. Негізгі жұмысты бала орындады, ал күрделі кезеңдерде, яғни бөлшектерді бекіту мен композицияны қалыптастыру кезінде мұғалімдер көмектесті. Жұмысты жасау үшін бұтақ, бүр, тұқым, сабан сияқты табиғи материалдар пайдаланылды. Олар күзді еске салады. Ат пен арбаны қолда бар материалдардан жасадық. Өнім салынған қаптарды кенеп матадан тігіп, ішін сәндік өнімдермен толтырдық, – деді Елена Ильиных.

Композицияның басты кейіпкері – жылқы. Алдымен авторлар материалдарды, олардың көлемі мен түрін таңдаған. Кейін негізін дайындап, арбаны құрастырып, оны негізге бекіткен. Атқа табиғи қалып беруге тырысты.

Жұмысты жасауға шамамен бес күн кеткен. Күн сайын екі-үш сағаттан еңбек етті. Ең қиыны – табиғи материалдарды дұрыс таңдау болды. Қажетті көлем мен түрдегі материалдарды тауып, кейін шыдамдылық пен қиярды іске қосуға тура келді.

Көрменің өзі де күзгі стильде безендірілген. Оқушылар сарайының эстетика бөлімі әр жұмыс жалпы мерекелік көңіл-күйді толықтыратын әдемі әрі жайлы кеңістікке айналды.

Биыл «Күзгі асар» жәрмеңке-көрмесі алғаш рет мектептер мен аудандардағы іріктеу кезеңдерінің шеңберінен шықты. Енді үздік жұмыстарды облыстық деңгейде көруге болады.

Көрме бірнеше күн жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оған жүздеген оқушы келеді. Қонақтар үшін Оқушылар сарайының қызметкерлері ойын-сауық бағдарламасын, түрлі ойындар мен театрландырылған қойылымдар әзірленді.