Павлодарлық оқушылар жағымсыз әдеттердің зиянын қағаз бетіне түсірді

Павлодарлық оқушылар жағымсыз әдеттердің зиянын қағаз бетіне түсірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар өз жұмыстарында вейптің салдарын жазды, деп хабарлай @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Вейпсіз жастық шақ» республикалық эссе-байқауының қалалық кезеңі өтті.

Жасөспірімдер арасында вейптің денсаулыққа зияны туралы проблемасын көтеру мақсатында өткен байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 5-11-сыныптарының 50-ге жуық оқушысы қатысты.

Байқау екі жас санаты бойынша бағаланды. Оның қорытындысы бойынша 11-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында 6 мектеп оқушысы жүлделі орындарға ие болды. 14-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында жүлделі орындарға М. Әлімбаев атындағы мектеп,№ 29, 18, 2, 36 мектептерінің 6 оқушысы ие болды. Байқаудың барлық қатысушылары қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды. 

Қатысушылар өз жұмыстарында салауатты өмір салтын ұстану, шығармашылық қызметтің мүдделері, пайдасы, ел дамуындағы салауатты ұлттың рөлі, «сәнге» еліктеудің зияны, жағымсыз әдеттер туралы жазды. 

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының әдіскері Ниет Әділеттің айтуынша, осындай байқаулар салауатты өмір салтын насихаттауға, темекі шегудің, вейпингтің, балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік құбылыстардың зияны туралы хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді