Павлодарлық пауэрлифтерлер ел біріншілігінен жүлделі оралды
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 30-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астанада гір тасын көтеруден ел біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа елдің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам атлет қатысып, бақ сынады. Бұл жарыста өңіріміздің намысын қорғап барғандар жүлдесіз қайтқан жоқ.
Жарыс нәтижесі бойынша 78 келі салмақта Ералы Қабдолла қола жүлде иегері атанса, +58келі салмақта өнер көрсеткен Ажар Оралбаева үшінші орыннан көрінді.
Айта кету керек, чемпионатта жеңімпаз атанған түркістандық спортшы 32 келілік гір тасын 10 минутта 83 рет басынан асырып, ел рекордын жаңартты.