Павлодарлық полицейлер 102 қосымшасының артықшылығын түсіндірді

Павлодарлық полицейлер 102 қосымшасының артықшылығын түсіндірді
Фото ашық дереккөзден

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын аталмыш мобильді қосымшаны пайдалануға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 102 қосымшасы кез - келген жағдайда  полицияға хабарласуға мүмкіндік береді. Яғни аймақ тұрғындары фото және бейнематериалдар, аудио немесе бейне қоңыраулар қосылған мәтіндік хабарлама арқылы хабарласа алады. Әрі геолокация пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға, қоңырауды қабылдауға, оған көмектесуге мүмкіндік бермек.

"SOS" сигналдың геолокациясы бойынша патрульдің дереу шығуын қамтиды. Қосымшаның жұмысы ашық болғаны да маңызды. Өтініш берушіге оның өтініші бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлама жіберіледі. Енді оқиғаның фотосуреттері мен бейнелерін тікелей полицияға жіберуге болады. 

- QR-код Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметтік автокөлігінің есігінде орналасқан. Бұл барлық азаматтарға полицияға кез келген көмекке жүгінуге мүмкіндік береді, - деді қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Қосымшаның көмегімен азаматтар жол қозғалысы ережелерін бұзу, ЖКО, отбасылық жанжалдар, және т. б. туралы хабарламалар жібере алады.