Павлодарда мейірімді аю есірткіге қарсы шықты

Орталық жағалауда «Есірткіге қарсы болсаң, құшақтасайық!» ұранымен жарқын әрі жүрекке жылы тиетін акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға «New Vision Team» қоғамдық қоры мен облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы қолдау көрсетті.
– Акция халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай өткізілген айлық шеңберінде өтті, – деді департаментте.
Мақсаты – есірткісіз өмірдің жылуға, мейірім мен қамқорлыққа, қолдауға толы екенін көрсету. Мейірімді аю өтіп бара жатқан адамдарды құшақтап, жағымды эмоциялар сыйлап, салауатты өмір салтының маңыздылығын еске салды. Әрбір құшақтасу қоғамның бірлігі мен қолдауының, денсаулық пен амандықты саналы түрде таңдаудың символына айналды.