Павлодарлық полицейлер Республика күніне орай балалар арасында байқау өткізді

Бүлдіршіндер сурет салып және қолөнер бұйымдарын жасап жарысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс аудандық полиция бөлімі мереке қарсаңында «Менің Отаным» тақырыбында сурет және қолөнер бұйымдары байқауын ұйымдастырды. Сайысқа құқық қорғау мамандарының балалары қатысты.
– Біз қызметкерлеріміздің балалары арасында байқау жарияладық. Балалар өз жұмыстарында туған елдің сұлулығын сүйіспеншілікпен және мақтанышпен бейнеледі. Әрбір сурет пен бұйым – Отанымызға арналған ерекше бір жолдау, балалардың елдің ұлылығы мен сұлулығына деген шығармашылық көзқарасын көрсетеді, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Төлеген Алпысбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға балалар ерекше дайындықпен келді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Барлық қатысушылар жеңімпаз атанып, полиция бөлімінің грамотасымен, ойыншық полиция көлігімен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.