Павлодарлық профессор: Конституция – мемлекеттің одан әрі дамуының негізгі бағдаршысы
Конституцияға енгізілген елеулі өзгерістер елдің құндылықтық бағдарларын нақтылауға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау ұлттық мемлекеттілік пен құқықтық жүйені дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры , PhD докторы Айгүл Садықова өз пікірін білдірді.
– Жаңа мәтінде адам құқықтарының басымдығы конституциялық құрылымның негізгі элементі ретінде дәйекті түрде бекітілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында бірпалаталы парламентке көшу, Вице-Президент лауазымын енгізу және халық өкілдігінің конституциялық органы ретінде Халық кеңесін құру көзделген. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және институционалдық жүйені нығайтуға бағытталған негізгі мемлекеттік органдардың билік пен өкілеттік сабақтастығының тәртібі де нақтыланды, – деді ол.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында қазіргі Конституция маңызды рөл атқарды және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты негізін бекітті. Жаңа Конституция жобасы осы сабақтастықты жалғастыра отырып, адам капиталын, білім беруді, ғылымды және инновацияны дамытуға басымдық береді.
– Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл өзгерістер мемлекеттік институттардың жаңа даму кезеңін белгілеп, құқықтық жүйенің қоғамның қазіргі заманғы талаптарына сәйкес бейімделгенін көрсетеді, – деп атап өтті профессор.
Конституция мемлекеттің одан әрі дамуының негізгі бағдаршысы болып табылады.