Павлодарлық шаруалар көктемгі дала жұмыстарына дайындалуда

Шарбақты ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жиынды Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы аудан әкімімен, ауыл шаруашылығы басқармасымен және қаржы институттарымен бірлесіп өткізді.
Облыстық «Атамекен» палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев өздері жүргізген жұмыстар мен 2024 жылы көтерілген мәселелер туралы айтып берді. Сондай-ақ, ӨКП аудандағы бизнеске қандай көмек көрсете алатынына егжей-тегжейлі тоқталды.
Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Жиенбаев көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы айтты.
– Шаруаларға агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдау шаралары және техниканы сатып алу үшін несие беру шарттары түсіндірілді. Оған қоса, көктемгі егіс жұмыстарына несие беру бағдарламалары туралы да ақпарат берілді, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
«Турбин» ШҚ басшысы кездесуде ауыл шаруашылығы минералдарын түсіру үшін рұқсат құжаттарын алу мәселесін көтерді.
Бұл ретте, кәсіпкерлер палатасының директоры егін науқанына дайындық басталатын кезеңде қала, аудан әкімдерінің шаруалармен барлық кеңестері мен кездесулеріне қатысып, ауыл еңбеккерлеріне жан-жақты көмек көрсететіндерін атап өтті.