Павлодарлық спортшы асық атудан Қазақстан чемпионы атанды

Павлодарлық спортшы асық атудан Қазақстан чемпионы атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ал бес асықтан командалық есепте облыс құрамасы екінші орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қайырбаев атындағы спорттың ұлтттық түрлері бойынша спорт клубының мәліметінше, Көкшетау қаласында асық атудан ересектер арасында жекелей-командалық және жекелей блиц Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің 16 өңірінен келген асықшылар сынға түсіп, асық атудан Павлодар облысының командасы 2-орынға ие болды. 

Жекелей сында Қуаныш Қабылда 1-орынға ие болып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. 

Бес асықтан командалық есеп бойынша Павлодар облысы 2-орын, жекелейде Әсемгүл Тоендыкова 2-орынға ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар берілді.

Чемпионатқа ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы қолдау көрсетті.