Павлодарлық спортшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
Спортшылар қала тазалығы – ел тазалығы екендігін тағы бір ескертті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық спортшылар республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікке «Гренада» клубының боксшылары, жаттықтырушылар мен таэквондо спортшылары қатысып, қала аумағын тазалауға және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Павлодар облысының GTF таэквондосынан аға жаттықтырушы Артем Граблев те қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырды.
— Біз де өз үлесімізді қосайық! Бірге шығып, аумақты ретке келтіріп, қаламызды одан әрі көркейтейік, — деді жаттықтырушы.
Спортшылар қоршаған ортаның тазалығы мен қаланың көркеюіне әр тұрғын өз үлесін қоса алатынын атап өтті.