Павлодарлық студенттер қайырымдылық жасауда
Олар балалар үйіне барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Торайғыров университетінің студенттері қайырымдылыққа қаражат жинауда бастама көтерді. Балалар үйінің басшысының келісімі бойынша қажетті гигиена құралдары, дәрі-дәрмектер, кеңсе тауарлары сатып алынды.
– Мұнда қандай да бір себептермен ата-анасыз қалған өте кішкентай балалар тәрбиеленеді. Мен балалар үйінің ұжымына осы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді және балаларға зор денсаулық тілеймін. Торайғыров университетінің студенттері қайырымдылық көмек жинап, оны сәбилер мен олардың тәрбиешілеріне тапсырды. Өте сүйкімді және өз жастарына қарамастан ақылды болып өсіп келе жатқан балалармен кездесу жақсы өтті, – дейді университет ректоры Еркін Садықов.
Еске сала кетейік, бұған дейін VITA еріктілер тобы баспанасыз және көмекке мұқтаж жандарға түскі ас таратып, қайырымдылық жасаған болатын. Еріктілер бұл акция көпке созылатынын атап өткен еді. Олар қыста да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созбақ.