Павлодарлық студенттер белбеу күресінен Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды
Қос балуан спорт шеберіне үміткер, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Марғұлан университетінің студенттері белбеу күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
Түркістан облысының Кентау қаласында өткен байрақты бәсекеде өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Алдияр Айтмұхан 82 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, 1-орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, 62 кг салмақ бойынша күрескен Жәнібек Жохаев та жеңімпаз атанды.
– Қос балуанымыз да спорт шеберіне үміткер. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатына жыл сайын қатысып, жүлдегерлер атанып келеді. Олардың спортта жүргендеріне 10 жылдай уақыт болды. Спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінгені біз үшін үлкен жетістік–, дейді жаттықтырушы Қайрат Темірболатов.