Павлодарлық тұрғын ҚХА «Алғыс» белгісімен марапатталды

Павлодарлық тұрғын ҚХА «Алғыс» белгісімен марапатталды

Юсуп Джабраиловке өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі

Ол шешен-ингуш этномәдени бірлестігінде 20 жылдан астам, ал  төрағасының орынбасары ретінде 15 жыл жұмыс істеп келеді.  

Достық үйінде өткен шара барысында Юсуп Джабраилов шешен және ингуш этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жандандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға үлкен үлес қосып келетінін атап өтті. Оның тікелей қатысуымен орталықта ақсақалдар кеңесі, жастар кеңесі жұмыс істейді, би және вокалдық ансамбль бар. 

Юсуп Джабраилов табысты кәсіпкер бола отырып,  облыста Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін барлық қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады. Мәселен, Қостанай облысындағы орман өрттерінен зардап шеккендерге, Екібастұз қаласының тұрғындарына ақшалай көмек көрсеткен болатын. Мешітте мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық түскі астарын үнемі өткізеді, – деді «Қоғамдық келісім» КММ басышысы Нүрия Көбенова 

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өткен болатын. Ол жерде Қазақстан халқының республикалық Ассамблеясы Юсуп Джабраиловқа «Алғыс» төсбелгісі табасталды.

Фото: @kogamdyk_kelisim.pvl