Павлодарлық тергеуші ару: Полиция мен үшін екінші отбасым
Бос уақытында офицер шығармашылықпен айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.тілшісі.
Полиция подполковнигі Пугач Марина – бүгінде Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімі бастығының орынбасары, 20 жылдан астам уақыт бойы тергеу бөлімінде қызмет етіп, кәсібилік пен адалдықтың үлгісі болып келеді.
– Біздің қызметімізде табысқа жету үшін өз жұмысымызды бағалап, жақсы көру, жауапты және тәртіпті адам болу және әр түрлі саладағы білім деңгейін үнемі арттыру қажет, – дейді Марина Пугач.
Павлодар полициясында қызмет атқаратын полиция қызметкері туралы әріптестері жылы лебізін білдіріп, оның жауапкершілігі мол тәжірибелі қызметкер екенін атап өтті.
– Мен үшін қызмет тек жұмыс емес. Мен полицияға келген себептерімнің бірі – адамдарға пайдалы болып, қиындыққа тап болғандарға көмектескім келді. Еңбек жолымды тергеуші ретінде бастадым. Жас мамандар күн сайын адамдардың қиын, кейде драмалық тағдырларымен бетпе-бет келіп, қылмыстық істер бойынша дәлелдер жинап, әділеттілікті қалпына келтірді. Қызмет маған көп нәрсені үйретті: шыдамдылық, жедел шешім қабылдау және ауыр, төтенше жағдайларда әрекет ету. Полиция – мен үшін екінші отбасым. Мұнда мен адам ретінде де, кәсіпқой ретінде де өстім, – дейді Марина Пугач.
Оның сөзінше, істерді тергеу кезінде адамгершілік қасиет те әрқашан болу керек. Тергеуші барлығына көңіл бөлуге, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуге тырысады.
– Қызметтен кейін мен сол психологиялық көмекті отбасымнан аламын, – дейді Марина.
Қызмет еткен жылдары подполковник үлкен кәсіби жолдан өтті, тәжірибелі тергеуші болды. Бүгінде ол тергеу бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру, жас қызметкерлерге көмек көрсету, тәжірибе беру сияқты міндеттерді атқаруда.
– Мен үшін жас тергеушілердің қолдауды сезінуі, полициядағы қызмет тек қылмыстарды тергеу емес, адамдардың құқықтары мен тағдырларын қорғау екенін түсінуі маңызды, — дейді офицер.
Оның әріптестері Марина әрқашан көмекке келуге, жылы сөзбен және кеңеспен қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтуде. Көптеген адамдар үшін ол – тәлімгер және үлгі.
Қызметтің маңыздылығына қарамастан, подполковник бос уақытында шығармашылыққа уақыт табады, бұл жұмыс алаңдаушылығынан арылуға және психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі.

– Полиция қызметі – бұл менің жолым. Мен бұл кәсіпті өзім таңдағанымды және қателеспегенімді мақтан тұтамын, – деп атап өтті офицер.
Бүгінде офицер Пугач азаматтардың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастыруда, тергеушілердің жаңа буынын тәрбиелеуде және погондағы нәзік жан тек қатал кәсіпқой ғана емес, сонымен қатар үлкен жүрегі бар адам бола алатындығын дәлелдейді.