Павлодарлық тоғызқұмалақшылар елордада үздік атанды

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар елордада үздік атанды
Фото ұйымдастырушылардың рұқсатымен

Олимпиадаға тоғыз өңірден келген жүзден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш жарыс Астана қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы «Бином» мектебінде өтті. Ұлттық ойында бақтарын 2-11-сынып оқушылары сынады.

Олимпиадаға Алматы және Астана қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Маңғыстау, Жетісу, Жамбыл облыстарынан 11 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 110 оқушы.

Жарыс нәтижелері бойынша жалпыкомандалық есепте, ұлдар арасында және қыздар арасында Павлодар облысының құрама командасы үш алтын медальді иеленді.