Журналистерді Көшпенділер ойындары алдындағы пресс-турға шақырды

Журналистерді Көшпенділер ойындары алдындағы пресс-турға шақырды
Фото: V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының Дирекциясы

БАҚ өкілдері ұлттық құрама командалардың ашық жаттығуына қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының Дирекциясы БАҚ өкілдеріне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырады. Пресс-тур ақпараттандыруды жетілдіру мақсатында өтеді, сонымен қатар мамандар тәжірибесімен бөліседі.

Сондай-ақ, пресс-тур аясында «Кселл» АҚ мен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция арасында серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылады. Меморандумға Дирекция басшысы Наиль Нұров пен «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры Асқар Жамбакин қатысады, – деді дирекцияда.

Айта кетерлігі, пресс тур соңында БАҚ өкілдері бірнеше ұлттық құрама командалардың ашық жаттығуына қатысады. Атап айтқанда, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, көкпар және көкбөрі бойынша ашық жаттығу болады.

Пресс-тур 29 тамыз күні Астана қаласында «Қазанат» ипподромының баспасөз орталығында өтеді.