Павлодарлық трассада көлік отқа оранды

Павлодарлық трассада көлік отқа оранды
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Өрт 16 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16:07-де Омбы жаққа баратын жол трассасында көлік жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орында бір техника мен өрт сөндіру қызметінің бес қызметкері жұмыс істеді. Өрттің ауданы бес шаршы метрді құрады.

Өрт сағат 16:16-да ауыздықталып, 16:23-те сөндірілді. Тілсіз жаудың себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.