Павлодарлық жас боксшылар аймақтық біріншілікте жүлделі орындарға ие болды

Павлодарлық жас боксшылар аймақтық біріншілікте жүлделі орындарға ие болды
Фото: pexels.com/Njay Minh Nhựt

Талдықорғанда спортшылар арасындағы аймақтық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Оған Қазақстанның тоғыз облысының өкілдері қатысты. Павлодарлық спортшылар үйге үздік нәтижелермен оралды: екі бірінші, бір екінші  және екі үшінші орын.

Жарыс жеңімпаздарының бірі – он үш жасар Асанәлі Оразалин. Өзінің жасына қарамастан, Асанәлі облыстық және республикалық турнирлерде жеңіске жетіп, өзін көрсете білді. Талдықорғанда өткен аймақтық біріншілік кезінде ол төрт жарқын жекпе-жек өткізіп, финалда астаналық қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. 

Асанәлі тәжірибелі жаттықтырушылар – Эдуард Шторм және Алмаз Раисовпен дайындалды.

Бокстан КСРО спорт шебері Эдуард Шторм өзінің жетістіктерімен танымал: ол халықаралық турнирлердің жүлдегері болды, ал 17 жасында спорт шебері нормативін орындап, КСРО жастар біріншілігінің чемпионы атанды. Павлодар педагогикалық институты мен Германиядағы бокс академиясын бітіргеннен кейін ол кикбоксшыларды даярлау тәжірибесін игерді.

Бокстың қыр-сырын меңгергісі келетіндер үшін «Баянтау» спорт сарайында 10-12 жас аралығындағы балаларға арналған секция ашылды. 8 701 416 29 10 телефоны арқылы жазылуға болады.

Фото: Константин Музалевский