Павлодарлық жас математиктер өзара сынға түсті
Аталмыш байқауға 150-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Бұл байқауға қаланың 31 мектебінің 5-6 сыныптың 152 оқушысы қатысты.
Оқушылар 10 сынақ тапсырма мен олқылықтарды толтыруға арналған 10 тапсырманы орындады.
Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша, бірінші орынды № 7, 11, 21, 35, 39, 43, Ш. Шөкин атындағы, А. Бөкейхан атындағы, А. Шамкенов атындағы, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді. Олимпиада жеңімпаздары желтоқсан айында өтетін облыстық кезеңінде қатысатын болады.