Павлодарлық жас суретшілер республикалық байқауда жеңіске жетті
Жас суретшілердің «Менің жерім – менің елім» республикалық қашықтықтан байқауын ҚР Білім Министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, байқау «Балалық шақ әлемі», «Мен білетін Қазақстан», «Менің арманым», «Туған өлкенің табиғаты» номинациялары бойынша 7-10 жас,11-14 жас, 15-17 жас санатында өткізілді.
– Республикалық жарыста мектептің 5 оқушысы жеңімпаз атанды: Фарида Абдиева – «Велосипедпен жүру», Мерей Амангелді – «Жаңбыр серуендеуге кедергі емес», Элина Литвиненко – «Баянауылда» жұмысы, Аружан Сарбасова – «Туған жер» жұмысымен және Александра Шароварова «Пикник» суреттерімен жеңіске жетті, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Павлодар қаласының 10 жас суретшісі екінші және үшінші орындарға ие болды.