Павлодарлық жас туристер Жетісуда өткен ел біріншілігінің чемпиондары атанды
Павлодарлық жас туристер 180 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, Жетісу облысы Көксу ауданында бір мезгілде спелео-туризм және тау туризмі бойынша Қазақстан, Азия чемпионаттары, халықаралық жарыстар өтті.
Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей өңірлерінен барлығы 50-ден астам команда қатысты.
Павлодар облысынан жарысқа Павлодар қаласының «СЮтур» БАК, «Пирамида», «Пирамида 1», «Вершина» аула клубтарынан 11 - 19 жас аралығындағы 25 жас туристерден құралған «Павлодар» құрама командасы сынға түсті.
Спорттық бөлімі Балпық би кентіндегі спорт кешенінде өтті. Жарысқа қатысушылар әр түрлі жас санаттарындағы спелео-туризм және тау туризмі пәндері бойынша «Жеке», «Байламдар» және командалық қашықтықтарды еңсерді.
Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша павлодарлық туристер 180 жүлделі орынға ие болды.
- Біздің балалар қашықтықтан өтудің жоғары шеберлігін көрсете отырып, бізді қатты қуантты. Олар өздерінің спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпиондары екендерін тағы да дәлелдеді. Бұл жолы біз халықаралық аренада да жарыса алдық, онда біздің команда чемпион атанды. Біздің жарысқа дайындығымыздың нәтижесінде біздің құрама лайықты орынға ие болды, - дейді «Вершина» балалар клубының жетекшісі Сергей Агалаков.
Павлодарлықтар «Жасөспірімдер» тобында спелео-туризм бойынша халықаралық жарыстарда бірінші, екінші жалпыкомандалық орын, тау туризмі бойынша екінші жалпыкомандалық орын алды. Спелеотуризмнен Қазақстан чемпионатында бірінші, екінші жалпы командалық орын, Тау туризмінен екінші жалпы командалық орын алды.
Спелео-туризм бойынша «Жастар» тобында халықаралық жарыстарда екінші орын, Қазақстан чемпионатында бірінші орын алды. Халықаралық жарыстарда және Қазақстан чемпионатында тау туризмі бойынша екінші орын, Азия чемпионатында спелеотуризм бойынша екінші орын алды.
Фото: қалалық білім беру бөлімі