Павлодарлық жатақханалардың бірінде патриоттық акция басталды
Олар жатақхана сыртын тумен безендірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстан Республикасы күніне орай «Менің елім – менің туым» акциясын өткізді. Іс-шара жас ұрпақтың адамгершілік-патриоттық тәрбиесін нығайтуға және оның азаматтық белсенділігін арттыруға арналған.
«Менің елім – менің туым» акциясы Торайғыров университетінің қабырғасында басталды. Жатақхана ғимаратының балкондарында студенттер өздерінің патриоттық сезімдерін білдіріп, елдің басты символын іліп қойды.
– Бастама 25 қазанға дейін жалғасады. Біздің идеямызды көптеген жастар қолдады, енді біздің аспан түсті көк туымызбен ғимараттардың қасбеттерін, стендтерін, қалқандары мен билбордтарын безендіру жоспарланып отыр. Суретшілер туды бояп, өз жұмыстарын әлеуметтік желілерде бөлісуде. Осылайша, жас қазақстандықтар Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін, сондай-ақ жаңа жетістіктерге дайын екенін білдіреді, – деді «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Бәкіжан Кәкім.
«Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері акцияны облыстың басқа аудандарына, сондай-ақ әлеуметтік желілерге таратуды жоспарлап отыр және барлық ниет білдірушілерді акцияға қосылуға, фотосуреттері мен бейнелерімен бөлісуге шақырады.