Павлодарлықтарға ауылшаруашылық жәрмеңкесінде төрт ауданның өнімі ұсынылады

Павлодарлықтарға ауылшаруашылық жәрмеңкесінде төрт ауданның өнімі ұсынылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дәстүрлі жәрмеңке 18 сәуір күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ауылшаруашылық басқармасы мәлімдеді.

– Қала тұрғындары мен қонақтарын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз. Мұнда өңіріміздің өндірушілерінен тікелей жеткізілген таза, табиғи өнімдер ұсынылады. Павлодарлықтарды кең ассортименттегі экологиялық таза өнімдер күтеді. Яғни жаңа піскен көкөністер, ет, сүт өнімдері және тағы басқа табиғи, өз өңірімізде өндірілген өнімдер сатылымда болады, - делінген хабарламада. 

18 сәуір күні «Жайлау» базарында өтетін жәрмеңкеге Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Успен аудандары мен Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады.