Павлодарлықтарға жасыл алаңдағы төрешіліктің қыр-сырын үйретеді

Павлодарлықтарға жасыл алаңдағы төрешіліктің қыр-сырын үйретеді
Фото: Le Parisien

Оған ФИФА санатындағы төреші тәлімгер болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Барлық қатысамын деушілерге арналған семинар-тренингтің бастамасы Павлодар облысының футбол федерациясына тиесілі. Семинардың мақсаты – жергілікті төрешілердің біліктілігін арттыру, жас төрешілерді оқыту, олардың кәсіби шеберлігін шыңдау, төрешілік теориясы мен әдістемесі саласындағы білімдерін жетілдіру.

- Бұл таныстыру семинары болады, бұл тереңдетілген курс емес, бірақ біз оқу барысында көпшілік біле қоймайтын ойынның түрлі қыр-сырын, футбол ережелерінің ньюанстарын көрсетеміз, - дейді ФИФА санатындағы төреші, облысымыздағы жас төрешілер мектебінің жетекшілерінің бірі Дмитрий Белоградов. – Семинарға кез келген адам, сонымен қатар жас төрешілер мектебінің тыңдаушылары қатыса алады. Жаттығу төрешілік ету құқығын бермейді, нәтижесінде ешқандай құжат берілмейді – бұл тек футбол ережелерін тереңірек түсінуге арналған.

Ұйымдастырушылар тренингтің жас футбол төрешілеріне де, жаттықтырушыларға да пайдалы болатынына сенімді. Семинар барысында ережедегі соңғы өзгерістер туралы айтып, матчтардағы ең қиын және резонансты эпизодтарды талдау жоспарлануда.

Анықтама телефоны: +7 701 530 73 07 Дмитрий.